Ерлер арасында 200 метрге еркін стильмен жүзу сайысының іріктеуінде Ғалымжан Балабек қашықтықты 1:47.09 уақытта жүзіп өтті. Бұл көрсеткіш Ғалымжанға финалға жолдама алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, Балабек 800 метрге еркін сильмен жүзу сайысының ең жылдам тобында бақ сынайды.
Брасс әдісімен 100 метрге жүзу жарысында Айбат Мырзамұратов 58.52 уақыт көрсеткішін тіркеді. Отандасымыз іріктеуде алтыншы орын алып, әлем Кубогы кезеңінің финалына жолдама алды.
Әйелдер арасында бақ сынаған отандастарымыз Софья Сподаренко 100 метрге еркін стильмен (55.21), София Абубакирова 100 метрге шалқамен жүзуде (1:01.90), Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс әдісімен жүзуде (32.97) іріктеуде сайысқа түсті. Ерлерден 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин (23.21), Максим Сказобцов (23.38), Ришат Жұмағұлов (23.64) пен Артем Шевченко (23.91), Мансұр Балтемір (24.57) мен Егор Василенко (25.39) әлем Кубогы қорытынды кезеңінің финалына шыға алмады. 200 метрге еркін стильмен жүзуде Еламан Бибулаев, Даниил Черепанов, Максим Клименко мен Егор Попов, 50 метрге шалқамен жүзуде Александр Мурынский, 100 метрге брасспен жүзуде Артур Миронов пен Анатолий Руденко, 400 метрге кешенді жүзуде Даниил Чужинов іріктеуде өнер көрсетті.
Жүзуден әлем Кубогы қорытынды кезеңінің финалдық жарыстары бүгін сағат 18:00-де өтеді.
Qazaq Aquatics бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Qazaq Aquatics серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ