Жүзуден 2026 жылғы әлем Кубогының жалпы есебінде Нидерланд өкілі Маррит Стенберген мен Оңтүстік Африка Республикасының спортшысы Питер Кутце жеңіске жетті. Олардың әрқайсысына 100 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы табысталды.

«Көпшілік ерлер арасындағы жалпы есептің жеңімпазы бүкіл серияның соңғы жарысында ғана анықталғанының қаншалықты керемет болғанын атап өтті. Менің ойымша, мұндай жағдайлар спортшының төзімділігін шыңдауына, сынап көруіне көмектеседі. Мен өз мақсатыма назар аударуға тырыстым. Жаттығу кезінде қолым аздап ауырды, сондықтан оған барынша зейін қойып, оның жарысқа әсер етуіне жол бермеуім керек болды. Мен тек ең үздік нәтижемді көрсеткім келді. Нәтижесінде мәреге бірінші болып жеттім, өте қуаныштымын», - деді Питер Кутце жеңісінен кейін.

Жалпы есепте екінші орынды Ресей өкілі Егор Корнев пен Қытай спортшысы Юй Итинг иеленді. Олар 70 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.

Үшінші орынға Бельгия өкілі Роос Ваноттердейк пен Лукас Хенво тұрақтады. Қола жүлдегерлердің әрқайсысына 30 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілді.

Әлем Кубогының қорытынды кезеңі алғаш рет Қазақстан астанасында өтті. Астаналық кезең Баку мен Ташкентте өткен жарыстарды қамтыған Silk Road Tour сериясының соңғы кезеңі болды. Үш кезең барысында спортшылар жеке қашықтықтардағы жеңіс үшін, ақшалай сыйақылар мен жалпы есептегі орын үшін таласты.

Qazaq Aquatics бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Qazaq Aquatics серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры»  КҚ