Жүзуден әлем Кубогының қорытынды кезеңінде Қазақстан құрамасының намысын 22 спортшы қорғады. Ұлттық құраманың жүзі шеберлері жарыс барысында бес қашықтықта еліміздің жаңа рекордын тіркеді. Әлем Кубогының қорытынды кезеңінде Айбат Мырзамұратов өзі бақ сынаған барлық қашықтықтардың - 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен, 200 метрге кешенді жүзу финалдарында сайысқа түсті. 50 метрге брасс әдісімен жүзу сайысында ол қашықтықты 26.50 секундта бағындырып, Қазақстанның жаңа рекордын тіркеді. Қысқа суда жүзуден бұл рекорд бұған дейін Владислав Поляковқа (26.53) тиесілі болған еді. Ғалымжан Балабек 400 және 800 метрге еркін стильмен, Софья Сподаренко 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Қазақстанның жаңа рекордын тіркеді. Жарыс қорытындысында 50 метрге еркін стильмен жүзуде үздік бестіктің қатарынан көрінген Глеб Коваленя бір күнде екі рет рекорд жаңартты. Іріктеуде ол 21.31 уақыт көрсеткішін тіркеп, еліміздің жаңа рекордын тіркеген. Финалда ол өз нәтижесін 0.09 екундқа жақсартып, Қазақстанның жаңа үздік уақыт көрсеткішін өз атына жазды.
Qazaq Aquatics бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Qazaq Aquatics серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ