50 метрге еркін стильмен жүзудің іріктеуінде Глеб Коваленя ел намысын қорғап, қашықтықты 21.31 секундта жүзіп өтті. Осы нәтижесінің арқасында ол финалдық сынға жолдама жеңіп алды. Әрі бұл уақыт көрсеткіші - Қазақстанның жаңа рекорды. Отандасымыз осындан екі жыл бұрын өзі орнатқан рекордын 0.4 секундқа жаңартты.

Әділбек Мусин мен Максим Сказобцов 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден финалда бақ сынайды. Іріктеуде Әділбек Мусин 51.42 уақыт көрсеткішін тіркесе, Максим Сказобцов қашықтықты 51.53 секундта жүзіп өтіп, сегізінші орыннан финалға шықты.

200 метрге брасс әдісімен жүзуде Айбат Мырзамұратов жарыс жолына шықты. Қашықтықты 2:07.15 секундта жүзіп өткен отандасымыз іріктеу қорытындысында 5-орын алып, шешуші кезеңге жолдама алды.

Егор Попов 100 метрге кешенді жүзу сайысының іріктеуінде 54.64 уақыт көрсеткішімен финалға өтті. 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Софья Сподаренко ел намысын қорғап, шешуші кезеңнің қатысушысы атанды - 58.55 секунд.

Ерлер арасында еркін стильмен 400 метрге жүзу жарысында Ғалымжан Балабек өнер көрсетіп, қашықтықты 3:46.87 секундта жүзіп өтті. Отандасымыз бір апта бұрын Ташкенттегі әлем Кубогы кезеңінде өзі орнатқан Қазақстан рекордын жаңартты.

Жүзуден әлем Кубогы кезеңінің финалдық жарыстары кешкі сағат 18:00-де басталады.

Qazaq Aquatics бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Qazaq Aquatics серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры»  КҚ