Брасс және кешенді жүзуге маманданған қытайлық жүзу шебері Цинь Хайян — Олимпиада чемпионы, әлем чемпионаттарының алты дүркін жеңімпазы және әлем рекордының иесі.

Ол — бір әлем чемпионатында брасс тәсілімен жүзудің үш қашықтығында да алтын медаль жеңіп алған тарихтағы тұңғыш спортшы. 2023 жылғы әлем чемпионатында Қытай өкілі 50, 100 және 200 метрге брасс әдісімен жүзу жарысында тұғыр биігіне көтерілді. Әр қашықтықта ол Азия реокрдын жаңартып, 200 метрге жүзу сайысында жаңа әлем рекордының иесі атанды - 2:05.48.

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында Цинь Хайян екі медаль — алтын мен күміс жеңіп алды. 4x100 метрге кешенді жүзу сайысында ол Олимпиада чемпионы атанса, 4x100 метрге аралас кешенді жүзу жарысында күміс медальға ие болды.

Сонымен қатар, оның қоржынында қысқа суға жүзуден әлем чемпионаттарының медальдары бар. Екі жыл бұрын Будапеште өткен әлем чемпионатында Цинь Хайян 50 және 100 метрге брасс әдісімен жүзуде жеңімпаз атанды. 2018 жылы 200 метрге брасспен жүзу бәсекесінде күміс, Мельбурнде өткен 2022 жылғы біріншілікте қола медальге ие болды.

Жүзу спортының көрермені Цинь Хайяннің өнеріне 15-17 қазан аралығында Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінің бассейнінде өтетін әлем Кубогы кезеңінде куә бола алады.

Билеттер Ticketon.kz сайтында қолжетімді.

Qazaq Aquatics бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Qazaq Aquatics серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры»  КҚ