Ғалымжан Балабек өткен аптада Бакуде өткен әлем Кубогының бірінші кезеңіне де қатысты. Онда отандасымыз үш қашықтықта - еркін стильмен 400, 1500 және 200 метрге жүзу жарыстарында жүлдеге таласты.
Еркін стильмен 400 метрге жүзу сайысында Ғалымжан 3:49.96 уақыт көрсеткішін тіркеп, 9-орын алды. 1500 метрге еркін стильмен жүзу жарысының финалында қазақстандық спортшы 15:20.61 уақыт көрсеткішімен сегізінші орынға жайғасты. Ал еркін стильмен 200 метрге жүзуде Ғалымжан Балабек қашықтықты 1:46.08 уақытта жүзіп өтіп, 11-орынға ие болды.
Ташкенттегі әлем Кубогы кезеңінде Ғалымжан Балабек еркін стильмен жүзудің үш қашықтығында - 400, 800 және 200 метрге жүзу жарыстарында бақ сынайды.
Өзбекстан астанасындағы кезең 8-10 қазан аралығында өтеді. Silk Road Tour сериясының қорытынды нүктесі Астана болмақ. 15-17 қазан аралығында Қазақстан астанасы тарихта тұңғыш рет жүзуден әлем Кубогының кезеңін қабылдайды.
Qazaq Aquatics бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Qazaq Aquatics серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ