Астана тұңғыш рет жүзуден әлем Кубогының кезеңін қабылдайды. Жарысқа әлемнің жетекші жүзу шеберлері, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері мен әлем рекордының иегерлері қатысады.

Билеттер Ticketon.kz сайтында қолжетімді. Көрермендер жарыстың үш күніне арналған абонементті немесе іріктеу және финалдық жарыстар біріктірілген бір күнге арналған Day Pass сатып ала алады.

Елордадағы кезең Silk Road Tour сериясының қорытынды жарысы болмақ. Турдың алғашқы екі кезеңі Баку (1-3 қазан) мен Ташкентте (8-10 қазан) өтеді.

Әлем Кубогы кезеңінде ерлер 17, әйелдер 17 дисциплинада сынға түседі. Сонымен қатар, спортшылар ерлер мен әйелдер және аралас эстафетада жүлделерді сарапқа салады.

Жарыс кестесі:

15 қазан: 10:00 — іріктеу, 18:00 — финал

16 қазан: 10:00 — іріктеу, 18:00 — финал

17 қазан: 10:00 — іріктеу, 18:00 — финал.

Билеттер сілтеме бойынша қолжетімді - Ticketon.kz.