Биылғы әлем Кубогы Әзербайжан астанасы - Бакуде басталып, 1-3 қазан аралығында өтеді. Әрі қарай серия 8-10 қазанда Ташкентте жалғасады. Турдың қорытынды жарысы Астанада өтпек. Қазақстан астанасындағы жарыс 15-17 қазан аралығында өтеді деп жоспарланған.

Биыл World Aquatics әлем Кубогының бірыңғай бағыты ретінде Еуразияның үш қаласын -Баку, Ташкент пен Астананы таңдады. Ғасырлар бойы Еуропа мен Шығыс Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолының құрметіне серия Silk Road Tour деп аталды.

Silk Road Tour үш кезеңінде 50-ден астам елден 750 спортшы қатысады деп күтіліп отыр.