Астанадағы әлем Кубогы кезеңі Еуразияның үш қаласын біріктіретін Silk Road Tour сериясының қорытынды жарысы болмақ. Елордадағы бәсеке алдында турнир Баку (1-3 қазан) мен Ташкентте (8-10 қазан) өтеді.
Әлем Кубогы кезеңіне дүниежүзінің үздік жүзу шеберлері қатысып, медальдар, рейтингілік ұпайлар мен сыйақы үшін таласады.
Барлық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін Астанадағы әлем Кубогы кезеңіне аккредитация рәсімінен өту міндетті.
Аккредитацияға өтінімді сілтеме бойынша жіберуге болады.
Өтінімдерді қабылдау 2 қазан күнгі сағат 18:00-ге дейін жалғасады.