Жарысқа әлемнің жетекші жүзу шеберлері, Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері мен әлем рекордының иегерлері қатысады.
Елордадағы кезең Silk Road Tour сериясының қорытынды жарысы болмақ. Турдың алғашқы екі кезеңі Баку (1-3 қазан) мен Ташкентте (8-10 қазан) өтеді.
Әлем Кубогы кезеңінде ерлер 17, әйелдер 17 дисциплинада сынға түседі. Сонымен қатар, спортшылар ерлер мен әйелдер және аралас эстафетада жүлделерді сарапқа салады.
Жарыс кестесі:
15 қазан: 10:00 — іріктеу, 18:00 — финал
16 қазан: 10:00 — іріктеу, 18:00 — финал
17 қазан: 10:00 — іріктеу, 18:00 — финал.
Билеттер сілтеме бойынша қолжетімді - Ticketon.kz.
Qazaq Aquatics бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Qazaq Aquatics серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ