Silk Road Tour сериясы үш апта ішінде үш қалада жалауын желбіретеді: Баку - 1-3 қазан, Ташкент - 8-10 қазан және Астана - 15-17 қазан. Көрермендер әлемнің үздік жүзу шеберлері қатысатын іріктеу жарыстары мен финалдарға куә болады.

Әр кезең үш күнге жалғасады. Дисциплиналардың басым бөлігінде таңертең іріктеу, ал кешке финалдық жарыстар өтеді. Тек 400 метрге еркін стильмен және кешенді жүзу, сондай-ақ алыс қашықтық болып саналатын 800 және 1500 метрге жүзу жарыстарының финалдары уақыт бойынша өткізіледі.

Турнирде басты назар әлемдік және жасөспірімдер рекордтарына аударылады. Әлемдегі үздік нәтижені жаңартқан немесе қайталаған жағдайда спортшының нәтижесі ресми тексеру рәсімінен өтіп, тіркеледі.

Жарысқа ұлттық құрамалармен қатар, енгізілген шектеулер мен іріктеу нормативтер сақтаған жағдайда клубтар да қатыса алады. Әлем Кубогы кезеңін қабылдап жатқан елдің клубтары үшін айрықша шектеу енгізілген: бір спортшы үш дисциплинадан артық жарысқа қатыса алмайды.

Сайыстар 25 метрлік бассейнде өтеді. Ерлер мен әйелдер келесі дисциплиналарда сынға түседі:

Еркін стиль (Freestyle): 50, 100, 200, 400, 800 и 1500 метр;

Шалқалап жүзу (Backstroke): 50, 100 и 200 метр;

Брасс (Breaststroke): 50, 100 и 200 метр;

Баттерфляй (Butterfly): 50, 100 и 200 метр;

Кешенді жүзу (Individual Medley): 100, 200 и 400 метр.

Серияның жалпы жүлде қоры - 1,2 миллион АҚШ доллары. Ол серия қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен сегіз ер және сегіз әйел спортшыға беріледі.

Турдың барлық үш кезеңінде бір дисциплинада жеңіске жеткен спортшы үшін арнайы сыйақы қарастырылған. Үш кезеңнің әрқайсысында бір дисциплинада жеңіске жеткен жүзу шебері 10 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алады.

Қорытынды рейтинг серияның барлық кезеңі аяқталғаннан кейін белгілі болады. Спортшыларға берілетін ұпай мен әлемдік рейтинг спортшы өнер көрсеткен барлық кезең нәтижесінде жасалады. Жалпы есепке спортшының әр кезеңде көрсеткен ең үздік үш нәтижесі алынады.