Жарыс «Барыс Аренаның» 25-метрлік бассейнінде өтіп, биыл Баку, Ташкент пен Астананы біріктірген Silk Road Tour сериясының қорытынды кезеңі болмақ.
Қазақстан құрамасының әлем Кубогы кезеңіне қатысатын құрамы: Александр Румынский, Даниил Черепанов, Максим Клименко, Софья Сподаренко, Аделаида Пчелинцева, Егор Василенко, Глеб Коваленя, Даниил Чужинов, Раид Хиссамиев, Мансур Балтемир, Еламан Бибулаев, Артем Шевченко, Айбат Мырзамұратов, Анатолий Руденко, Ришат Жұмағұлов, Әділбек Мусин, Артур Миронов, Максим Сказобцов, Егор Попов, Федор Диденко, София Абубакирова и Ғалымжан Балабек.
Аичи-Нагояда өткен ХХ жазғы Азия ойындарында осы құрама сапындағы 9 спортшы өнер көрсетті. Азиадада Қазақстан құрамасы екі эстафета жарысында үздік бестіктің қатарына енді. Қазақстан ерлер құрамасы еркін стильмен 4x100 эстафета жарысында 3:17.86 уақыт көрсеткішімен бесінші орын алса, ал 4x100 кешенді жүзудің аралас командалық сайысында отандастарымыз жүлдеге бір қадам жетпей тоқтады - 3:49.19. Екі командамыздың да тіркеген уақыт көрсеткіші - Қазақстанның жаңа рекорды.
Азия ойындарында Айбат Мырзамұратов 200 метрге кешенді жүзуде тағы бір ұлттық рекордты тіркеді - 2:00.37.
Артур Миронов, Егор Попов, Ришат Жұмағұлов пен Ғалымжан Балабек Silk Road Tour сериясы әлем Кубогының алғашқы екі кезеңінде бақ сынады. Бакудегі алғашқы кезеңде Егор Попов 100 метрге кешенді жүзу жарысында Қазақстан рекордын жаңартты - 54.0 секунд. Ташкенттегі әлем Кубогы кезеңінің 400 метрге еркін стильмен жүзу жарысында Ғалымжан Балабек қашықтықты 3:47.13 секундта жүзіп өтіп, ел рекордын өз атына жазды.
15-17 қазан күндері жүзу жанкүйерлері Қазақстан құрамасы мүшелерінің әлемдік жұлдыздармен бір алаңда сайысқа түсуіне куә бола алады.
Билеттер Ticketon.kz сайтында қолжетімді.
Qazaq Aquatics бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Qazaq Aquatics серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ